ХАС Шебер "ХАС ШЕБЕР" Қазақстан қолөнершілер одағы 2015 жылы өз марапаты – «ХАС ШЕБЕР» АТАҒЫН, яғни «Нағыз шебер», атағын тағайындады. Бұл - ынталандырудың маңызды бөлшегі, Одақ мүшелері атынан жеке адамға, Шеберге құрмет білдірудің ерекше белгісі болып табылады. Оны шығармашылығы мен жетістіктерін еліміздің қолөнершілерінің өздері мойындап, белгілеген бір адамға ғана және жылына бір рет қана тағайындайды. Дауыс беру ашық түрде өтеді, Одақтың әр мүшесі негіздемесімен қз кандидатурасын ұсына алады. Республика бойынша ең көп дауыс жинаған адам – күмістен ерекше дизайнда құйылған медальға және осы марапатқа ие болған шебердің аты-жөнін растайтын сертификатқа ие болады. Дизайн авторы танымал зергер – Илья Казаков. Марапаттау салтанатты жағдайда, әдетте «Шебер» фестивалі кезінде, өтеді. Бүгінгі күнге дейін марапатқа келесі шеберлер ие болды:
Аман Мукажанов
Бибижар Симонова
Сериккали Кокенов
Жолауши Турдугулов
Зейнелхан Мухамеджанов
Ауес Сагинаева
Контакты: kz.union.artisans@gmail.com
+7(701) 179-53-03