Байланыс: kz.union.artisans@gmail.com
+7(701) 179-53-03

Дәстүрлі қолөнер – бұл халықтың мәдени мұрасының визит-картасы

 

Қазақта өз саласындағы деңгейі өте жоғары адамдарды құрметтеп «Шебер» деп атаған.

 

Шебер – ҚР Мәдениет министрлігі және «Шеврон» компаниясының қолдауымен ОАЕҚ мен “Our Heritage” қоғамдық қоры өткізетін біздің «Қазақстандағы қолөнерді дамыту және халықтық көркем кәсіпшілікті қайта жаңғырту» атты көпжылдық бағдарламамыздың атауы.

 

Одақ мақсаты – қолөнершілерді біріктіру және деңгейін көтеру, Қазақстан қолөнершілері бұйымдарының ішкі және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сол арқылы қолөнершілердің әл-ауқатын жақсартуға және мәдени мұраның сақталуына көмектесу.

 

Одақ ат салысады:

• қолөнершілердің, қолданбалы суретшілердің кәсіби өсуіне

• олардың кәсіпкерлік қызметін дамытуға

• қолөнерді қайта жаңғыртуға және оны сақтауға

• заманауи әлем қоғамында қазақ дәстүрлі мәдениетін насихаттау

• мәдениетаралық алмасуға

 

Одақ қызметі өте кең. Алайда, Одақ жұмысының басты күші бағытталған бірнеше негізгі бағыттар бар:

• Қазақстан қолөнершілерінің шеберлік деңгейін дамыту және оқыту;

• Жыл сайынғы «Шебер» Республикалық конкурсы және фестивалі;

• БАҚ-да, сайтта және әлеуметтік желілерде қолөнерді насихаттау;

• Халықаралық, республикалық көрмелерде, жәрмеңкелерде, фестивальдарға қатысу;

 

 

 

Бүгінгі күнде Қазақстан қолөнершілер Одағының өкілдіктері республикамыздың 8 облысында бар: Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Шымкент.

 

Одақ Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Бүкіләлемдік Қолөнер кеңесінің мүшесі болып табылады.

Одақ ҰҚҚ Атемекенде (Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы) аккредиттелген.